Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі - Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді. Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын», - деді Берік Уәли.