RSS лента

Республикалық референдум қорытындылары айтылды

  • 08.10.2024, 09:04,
  • 46
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясында Нұрлан Әбдіровтің төрағалық етуімен республикалық референдумның қорытындылары бойынша ҚР ОРК отырысы өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Отырысқа бейнеконференция байланысы режимінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық референдум комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты.

 

Отырыстың трансляциясы сурдоаудармамен қамтамасыз етіліп, Комиссияның Интернет-ресурсы және Youtube арқылы жүргізілді.

 

Нұрлан Әбдіров «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 21, 31-баптарында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы жалпы республика бойынша референдумның қорытындыларын шығаратынын, бұл туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарына беруді қамтамасыз ететінін хабарлады.

 

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық комиссиялары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде референдумның нәтижелері шығарылды.

 

Барлық аумақтық референдум комиссиялары дауыстарды санағаннан кейін екі күн ішінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың түпнұсқаларын Орталық референдум комиссиясына жеткізді.

 

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ұсынған хаттамалар негізінде бүкілхалықтық дауыс берудің қорытындыларын анықтады.

 

Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.

 

2024 жылғы 6 қазандағы Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша бүкілхалықтық дауыс беруге 7 миллион 820 мың 204 адам немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% қатысты. Осылайша, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысып, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес референдум өткізілді деп есептеледі.

 

Еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12%  немесе 5 миллион 561 мың 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдап, дауыс берді.

 

Қазақстанда атом электр станциясын салуға қарсы дауыс берген азаматтардың саны дауыс беруге қатысқандардың ішінен 2 миллион 045 мың 271 адамды құрады.

 

Осылайша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31, 34-баптары негізінде, референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі, өйткені оның оң шешімін дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы қолдап дауыс берді.

 

Референдум қабылдаған шешімнің міндетті күші болады және актілермен қосымша растауды талап етпейді.

 

ҚР Орталық референдум комиссиясы «2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.

 

Отырыс барысында Нұрлан Әбдіров шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларының бағалауы бойынша референдум қолданыстағы ұлттық заңнамаға және Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткізілгені, азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысқаны және азаматтардың саналы таңдау жасауы үшін барынша қолайлы жағдайлардың қамтамасыз етілгені атап көрсетілгенін айтты.

 

Атап айтқанда, аумақтық референдум комиссияларының деректері бойынша, дауыс беру күні референдум учаскелерінде 244 аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың 17 449 байқаушысы мен ҚР бұқаралық ақпарат құралдарының 1 427 өкілі қатысты.

 

ҚР бұқаралық ақпарат құралдарының 1 427 өкілі қатысты.

 

Сонымен қатар, бұрын атап өткендей, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 177 байқаушысы, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 200 өкілі қатысты.

 

Референдум өткізу барысында азаматтардың ерік білдіруі үшін кешенді жағдайлар жасалды, сонымен бірге мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру процесіне қолжетімділігін жеңілдету бойынша бірнеше оң бастамалар іске асырылды.

 

Референдумды дайындау мен өткізуге 246 аумақтық, 10 323 учаскелік комиссиялар жұмысқа тартылды. ОРК Төрағасы барлық деңгейдегі референдум комиссиялары 70 мыңнан астам мүшелерінің жергілікті жерлердегі адал жұмысын атап өтіп, олар жалпы өздеріне қойылған күрделі міндетті тиісінше орындап шыққанын айтты.

 

Референдум өткізу барысында Орталық референдум комиссиясы барлық деңгейдегі комиссияларға, сондай-ақ саяси партияларға, бұқаралық ақпарат құралдарына және азаматтық қоғам ұйымдарына арналған жалпыұлттық каскадты оқыту бағдарламасын енгізіп, референдумды ұйымдастырушылар үшін 3700 оқыту іс-шарасын өткізді.

 

 

Отырыс соңында Нұрлан Әбдіров референдумды ұйымдастырушыларға - оны дайындау мен өткізу бойынша атқарған жұмысы үшін, халықаралық байқаушыларға, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне – дауыс беру процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге жәрдемдескені үшін, ал азаматтарға –белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости