RSS лента

Референдум: байқаушылар жұмысының қорытындысы шықты

  • 07.10.2024, 16:36,
  • 139
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) миссиясының мүшелері референдум дайындау мен өткізу Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылғанын атап өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чжан Линнің айтуынша, дауыс берудің ашықтығы мен транспаренттілігі қамтамасыз етілді, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық бақылаушылардың пікірін кедергісіз бақылау және баяндау жүзеге асырылды. АӨСШК байқау миссиясының мүшелері қазақстандықтар, әсіресе жас сайлаушылардың белсенділігі жоғары болғанын атап өтті.

 

Сонымен қатар, референдум өткізудің барлық процесі, соның ішінде дайындық, үгіт-насихат пен дауыс беру күні туралы туралы БАҚ-та жедел және кеңінен ақпарат таратудың арқасында Қазақстан халқы дауыс беруді өткізу бойынша уақытылы хабардар етілді.

 

«Референдум өткізу Қазақстанды демократиялық дамыту жолындағы маңызды қадам деп бағаланады, сондай-ақ мемлекеттің адам құқықтарын құрметтейтінін және Үкіметтің халықтың пікірін тыңдауға ашықтығын көрсетеді. Біздің делегация мүшелерінің атынан Қазақстан халқын референдумның өтуімен құттықтаймыз. Бұл ел өміріндегі маңызды оқиға. Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктер тілейміз», - деді АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чжан Лин.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости