RSS лента

Алматыда Қытай фарфорының халықаралық көрмесі ашылды

  • 02.08.2024, 17:44,
  • 1 103
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

ҚР Орталық музейінде «Қытай фарфоры: мыңжылдық өнер» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім еткендей, көрмеге қойылған экспозиция 108 фарфордан тұрады. Аталмыш іс-шара қытай фарфоры өнерін жан-жақты көрсетіп, оның тарихы мен стилі және өндірісінің ерекшеліктерімен, өте күрделі кескіндемелермен, гүлсауыттардың, ыдыстардың, құмыралар мен тостағандардың алуан түспен көмкерілген өрнектері мен пішіндерін көпшілікке таныстырады. Ақ фарфордың қарапайым әсемдігінен жылтыратылған көк және жылтыр бояулардың үстіңгі ашық реңктеріне дейін шеберлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан әдістерді меңгерген.

 

Келушілер «Әлемнің фарфор астанасы» ретінде танымал ежелгі Цзиндэчжэнь қаласының шеберлерінің жауһарларын бағалай алады және қытай фарфорының терең мәдени мұрасы мен әсемдігін сезіне алады.

 

Биыл – екі ел арасындағы туристік және мәдени серіктестік байланыс жылы. Осыған орай Қытайда Қазақстанның туризм жылы жарияланды. Іс-шара Алматы қаласы мен Қазақстан үшін маңызды мәдени оқиға болды. Аталмыш көрме «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге, достық байланыстар мен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

 

Көрме 2024 жылдың 14 тамызына дейін жалғасады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости