RSS лента

ЖЕЭК 2024 жылға арналған жоспары талқыланды

  • 25.12.2023, 22:19,
  • 317
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шағын құрамдағы кездесуге Қазақстан Президентімен қатар, Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.


Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың негізгі міндеттері мен басты бағыттарын, сондай-ақ Ұйымның 2024 жылға арналған халықаралық ынтымақтастық жоспарын талқылады. Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости