«Екі елдің көшбасшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық құрылымдар аясында Қазақстан мен Беларусьтің өзара іс – қимылына ерекше назар аударылды» делінген хабарламада.
Олар екі елдің сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылының оң динамикасын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ, Беларусь Президентін туған күнімен құттықтапты.