Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
Естеріңізге салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды.
Кеңес барысында бестік басшылары 20-дан астам мәселені талқылайды. Оның ішінде экономикалық бірлестіктің 2030, тіпті 2045 жылға дейінгі даму декларациясы бар.
Жиынға бұған дейін қатысудан бас тартқан Армения премьер-министрі Никол Пашинян да қатысатын болды.