ЕАЭО елдері Үкіметтерінің басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуды, сондай-ақ өзара сауданы арттыру, ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілерді жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды аралық қорытындылау жоспарланып отыр.