RSS лента

Путин Астанаға ресми сапармен келді

  • 09.11.2023, 10:02,
  • 199
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: akorda.kz

Ресей Президентін елорда әуежайында Тоқаев қарсы алды, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Ресей Президенті Қазақстанға соңғы рет 2022 жылдың қазан айында Астанада өткен Ресей-Орталық Азия саммитіне келген. Кездесуде геосаяси жағдайдағы ортақ сауда-экономикалық мүдделерді қорғау шаралары және Ауғанстандағы жағдай контекстіндегі аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланған еді. 


Дей тұра, Путин мен Тоқаев биыл алтыншы рет кездесетінің естеріңізге салайық. Бетпе-бет кездесудің үшеуі қазан айында өткен. 7 қазанда Ресей көшбасшысының туған күнінде Тоқаев Путинмен және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бірге Ново-Огареводағы ресейлік газдың Қазақстан арқылы Өзбекстанға жеткізілуінің басталуына арналған салтанатты шараға қатысты. 


Бір аптадан кейін Ресей Федерациясы мен Қазақстан басшылары Бішкекте ТМД елдері көшбасшылары кеңесінің отырысына бірге қатысты, ал бірнеше күннен кейін Путин Қытайға сапары кезінде, Бейжіңде Тоқаев пен Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости