Облыс әкімі:
Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады;
- өңір экономикасының бірқатар саласында оң нәтижелер бар екені туралы мәлімет берді: негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жеткен. Оның ішінде жеке инвестиция 435 миллиард теңгеден асқан. 154 жоба іске асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылған.
- шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатқанын айтты: жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, май, ірімшік және сүзбе сияқты азық-түлік түрлерін өндіру көрсеткіші өскен;
- Макинск құс фабрикасының 3-кезеңі іске қосылғанын және «Ақ-Дала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаты кезең-кезеңімен артып келетінін хабарлады. Бұл облыстың құс етін өндіру бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің біріне айналуына мүмкіндік берген.
- жылыту маусымының барысы туралы баяндады: барлық коммуналдық қызметтің жұмысы қатаң бақылауға алынған; Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандар кезең-кезеңімен жаңғыртылған.
- Көкшетау қаласын дамытуға қатысты бас жоспардың жобасы әзірленгені туралы ақпарат берді. Бұл жоба қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуді көздейді;
- халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасын таныстырды.