RSS лента

Қазақстан Президенті маңызды жазба жариялады

  • 08.12.2023, 23:38,
  • 446
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Адам құқығы мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлыққа қол қоюына байланысты Х парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Жарлыққа қол қойдым. Жоспарда гендерлік теңдікті күшейтуге, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске, қылмыстық сот төрелігі саласында азаматтарды қорғауға, азаптау мен қатыгездіктің алдын алуға бағытталған бірқатар шара қамтылған. Бірлесу бостандығы құқығы мен еңбек құқығын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Құжат адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтады. Жоспарды жүзеге асыру шеңберінде тиісті заңдар қабылданады. – деп жазды Президент Х парақшасында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости