RSS лента

Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

  • 06.06.2023, 17:07,
  • 372
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады. Уәкіл биылғы 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамасынан:


- Омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2 318 өтінішін қараған.
- Жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін Ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңарған.
- Балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттердің алдын алу мәселесін ерекше назарда ұстайды. Атап айтқанда, Уәкіл осындай мекемелерге 213 рет барып, 800-ден астам ұсыным жасаған.
- Азаптау фактілеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіледі. Құқық қорғау органдарына бірқатар арнайы ұсыным берілген.


Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости