RSS лента

Тоқаев Үштөбе қаласындағы әлеуметтік нысандардарға барды

  • 27.10.2023, 15:09,
  • 272
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Биыл ашылған Гуманитарлық колледж, Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп, дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

30 орындық жатақханасы бар Гуманитарлық колледжде болашақ педагогтерге «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі» мамандықтары бойынша білім беріледі. Оқу орнында 17 заманауи аудитория, мәжіліс және спорт залдары, медициналық кабинет, асхана мен буфет бар. Колледж инклюзивті орта талаптарына сай жабдықталған, яғни ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін пандус пен арнайы лифт қойылған.


Үштөбедегі орта мектеп 1963 жылы салынған. 1996 жылы мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілген. Президентке қаламгер Кемел Тоқаевтың шағын кабинет-мұражайы таныстырылды. Мұнда жазушының шығармалары, тұтынған жеке заттары қойылған.


Биыл салынған дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады. Емделушілер үшін стационар, физиотерапия, процедуралық, екпе салу, гинекология және басқа да медициналық кабинеттер жұмыс істейді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости