Үкімет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы кеңістігіндегі сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мен дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Электрондық сауда келешегі зор салалардың біріне айналып отыр. Түрлі бағалаулар бойынша, ШЫҰ елдерінде электрондық сатудан түскен жалпы табыс биыл шамамен $1,5 трлн-ды құрауы мүмкін. Біз ең әуелі, кедендік рәсімдерді жеңілдету арқылы, электрондық коммерцияны қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», — деді Әлихан Смайылов.
Осы мақсатта Премьер-Министр ШЫҰ елдерінің кеден органдары басшыларының кезектен тыс отырысын өткізуді, сондай-ақ өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесін арттыруды және «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынды.