"Мен премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл "күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасына сай келеді", - деді Президент.
Сайлауда ең көп дауыс жинаған "Amanat" партиясы жеңіске жеткен болып саналады.
"Болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ, өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады", - деді Президент.