Еуропалық одақ 5 маусым жексенбі күні Қазақстанда өткен конституциялық референдумның нәтижелерін назарға алады. Бұл референдумда Қазақстан халқы елдегі демократияны нығайтуға бағытталған маңызды конституциялық түзетулерді қолдады.
ЕО қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін басталған әлеуметтік-экономикалық реформалармен қоса, 16 наурызда Президент Тоқаев бастаған саяси реформаларды құптайды. Біз сондай-ақ халықпен тікелей консультациялар өткізу және референдум барысын қадағалау үшін ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ны шақыру жөніндегі шешімді құптаймыз. Болашақта Қазақстан үшін ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдарын толық орындау аса маңызды.
Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды әрі құнды әріптес болып қала береді. Біз бейбіт жиналыстардың, пікір білдіру мен қауымдастықтың негізгі еркіндіктерін қоса алғанда, кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісіміміздің міндеттемелерін орындау, сондай-ақ байланыстарымызды, сауда және ынтымақтастығымызды дамыту үшін бірлесе жұмыс істейміз.