RSS лента

Атышулы Ақжарқын Тұрлыбайдың хаты жарияланды

  • 04.02.2022, 02:57,
  • 338
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қытайдың түрмесіне өмір бойы қамалған  қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты қыздың анасына жазған хатын жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Адвокат Сұңқар Нұрмағанбетовтің айтуынша, Ақжарқын қазір Қытайда жазасын өтеп жатыр. Оның сауда жасауға, тұрақты түрде отбасына қоңырау шалып тұруға, сонымен қатар хат алып, хатқа жауап беруге мүмкіндігі бар екенін айтты.


Заңгер Ақжарқынның анасына жазған хаттарының бірін жариялады.


«Аяулы анашым. Отбасыммен бірге болуды қаншалықты армандайтынымды білсеңіз ғой. Балалық шағымды, сіздерді қатты сағындым. Білесіз бе, біздің жүрегіміз бір-бірімен тығыз байланысты. Біз әлі де жақынбыз. Мен отбасымыздың әрбір мүшесін сағындым және жақсы көремін. Сізден тағы да хаттар мен фотолар күтемін. Сүйіспеншілікпен, қызыңыз Ақжарқын», — делінген өткен жылдың 15 желтоқсанындағы хат мәтінінде.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости