"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады" деп жазды ол өзінің әлеуметтік парақшасында.
Айта кетейік, тікелей қосылымды БҰҰ-ның ресми сайтынан көруге болады.