RSS лента

Атырауда ақылды робот пайда болды

  • 03.12.2024, 14:20,
  • 92
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

JOO High school-дың 10-сынып оқушысы Нұрсұлтан Қалымжан, Д.Қонаев атындағы Binom мектебінің 9- сынып оқушысы Парасат Сакишев және Ж.Досмұхамедов атындағы мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Ануар Әмірбек «JasUP» жобасында бас қосып, робот жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оқушылардың туындысы KazRoboSport додасында 2023-2024 жылдары кіші сумо категориясында жеңімпаз атанған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Робот жасаушылар бұл жобаны іске асыру үшін екі ай жұмыстанған.

 

"Роботтар жапондық сумо күресінің кішірейтілген түрін көретеді. Қарсыласын жан-жағындағы алты датчик арқылы сезеді. Арнайы алаңда ең қысқасы 1-2, ең ұзағы 5-10 секундта қарсыласады. Салмағы 500 граммнан аспайды. Ішіндегі қозғалтқышын, датчиктерін Түркиядан тапсырыспен алдырдық. Сыртқы материалдарын 3D принтермен өзіміз жасап, барлығын құрастырдық",- деді Н. Қалымжан.

 

Айта кетейік, қазір "Теңізшевройл" ЖШС-нің әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасы аясында «JasUP» жобасы жұмыс жасауда. Мұнда жыл басынан бері 41 шеберлік сағаты, 7 ғылыми-техникалық жарыс және 6 курс өткізілген. Жоба шеңберінде ақпан- желтоқсан аралығында 3000-нан астам жас қамтылған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости