RSS лента

Қазақстанда жүз жастан асқан 420-дан астам адам бар

  • 30.09.2024, 17:01,
  • 100
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Елімізде 100 жасаған және одан асқан 423 азамат бар. Жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады, ақ жаулықты әжеміз биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ең көп өмір сүретіндер еліміздің оңтүстік өңірінде көп. Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам бар.

 

Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша елімізде екінші орында тұрған ірі қала – Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады.

 

Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады.

 

Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 114 жас, Павлодар облысы – 112 жас, Түркістан облысы – 110 жас кірді.

 

Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады.

 

Оны өткізудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости