RSS лента

Көлік "жүргізген" ит камераға түсіп қалды

Автор фото: ВВС

Словакияда аңшы итін өз көлігінің руліне отырғызған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Айыппұл салған полицейлерге ол иттің өзі алдына секіріп отырғанын айтып ақталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. Жол ережесін бұзушылық жылдамдық камерасына түсіп қалған. Словак полициясы Facebook парақшасында жариялаған суретте Skoda көлігінің жүргізушінің орнында ит отырған.

 

Көлік иесінің айтуынша, оның Джавино есімді үй жануары сол сәтте кенеттен оның тізесіне секірген. Бірақ полицейлер фотосуретке қарап олай болмағанын айтады. Өйткені камера көлік ішіндегі кенет қозғалыстарды тіркемеген.

 

Жол ережесін бұзғаны үшін көлік иесіне сол жерде айыппұл салынды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости