RSS лента

Ғалымдар адамдарды басқаратын құрылғы шығарған ба?

  • 16.12.2022, 03:43,
  • 579
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Терминатор" фильмінен кадр

Желіде адамдардың іс-әрекеттерін басқаратын құрылғы патенті табылғаны жазылуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Конспирологтар арасында танымал Telegram чаттарда адамдардың іс-әрекеттерін бақылай алатын құрылғыға берілген патент туралы жазылды. Ондай бар ма? Бұл сауалға stopfake.kz жауап іздеді.



Хабарламада айтылған US6017302A патенті бар. Ол 1997 жылы берілген. Онда сипатталған құрылғы адамдардың мінез-құлқын немесе іс-әрекетін бақылауға арналмаған.


Бұл – 1\2 Гц немесе 2.5 Гц жиілікте резонанс тудыратын акустикалық құрылғы. Сипаттамада адамдар оны сатып алып, үйде ұйқысыздық кезінде ұйқы шақыру, демалу немесе керісінше сергіту үшін қолдана алады делінген. Клиникалық тәжірибеде құрылғыны созылмалы ұйқысыздықты, треморды, эпилепсиялық ұстамаларды емдеу және үрейді басу үшін пайдалану ұсынылған. Сондай-ақ патенттік өтінім мәтінінде кейбір жағдайларда құрылғыны қарсыласты бағытынан адастыру үшін даулы жағдайларда қолдануға болатыны жазылған. 


Бұл ретте патентте мұндай технологияның жалпы жұмыс істейтіні және адамға жоғарыда айтылғандай әсер ететініне ешқандай дәлел жоқ. Бұл жиіліктер адамға демалуға немесе сергітуге көмектесетінін растайтын клиникалық зерттеулер табылмады.


Бәлкім, сипатталған құрылғының мүлдем пайдаланылмағанына және сатылымға шығарылмағанына нақ осы себеп болған шығар. 2017 жылы патенттің қолданылу мерзімі аяқталды және ұзартуға жатпайды. 


Демек, адамдардың іс-әрекетін бақылауға арналған құрылғы туралы хабарламалар – фейк.


Патентте сипатталған құрылғы, біріншіден, бұған арналмаған, екіншіден, оның жұмыс істегеніне ешқандай дәлел жоқ, үшіншіден, патент мерзімі 2017 жылы аяқталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости