RSS лента

Оқушыларға ораза ұстауға бола ма?

  • 11.04.2022, 04:41,
  • 646
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚМДБ баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы мектеп оқушыларының ораза ұстауына қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«ҚМДБ келесі ақпараттық түсіндірмені қаперлеріңізге салады... Біріншіден, шариғатымыз бойынша балиғат жасына жетпеген жас балаға ораза ұстау – парыз емес. Бұл туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Үш адамнан қалам көтерілді: айыққанға дейін жын түрткен адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан». Біз бұл хадистен балиғатқа толмаған жас балаға құлшылық жасау, оның ішінде ораза ұстау міндет емес екенін түсінеміз.
Екіншіден, балиғатқа және кәмелетке толмаған жас баланың ораза ұстау кезінде оның организмінде әлсіздік, дәрменсіздік пайда болуы мүмкін.
Бұл жағдай кішкентай бүлдіршіннің денсаулығына кері әсер етуі, сонымен қатар оның толыққанды білім алуына кедергі келтіруі мүмкін. Ата-аналарға осы мәселеге аса көңіл бөлуге кеңес береміз. Оразаны себеп етіп, әркімнің өзіне жүктелген жауапкершілігіне немқұрайлы қарауына болмайды. Өйткені, әр адам сауап амалды өзі үшін орындайды.
Үшіншіден, ата-аналардан балиғат жасына жетпеген балаларды ораза ұстауға мәжбүрлемеуді сұраймыз» дейді ол.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости