Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Ал, Астана қаласының әкімдігі: “Жан-жақты қолдау көрсету жоспарланып отыр. Оның ішінде материалдық көмек беру және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға байланысты шығындарды өтеу бар. Сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша сақтандыру төлемі де қарастырылады” деп мәлімдеді.

