RSS лента

Алматы мен Мәскеу арасында тікелей теміржол қатынасы ашылды

  • 28.10.2025, 18:27,
  • 56
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

2025 жылғы 26 қазанда «Алматы – Мәскеу» бағыты бойынша пойыз жолға шығып, Қазақстан мен Ресей арасындағы тікелей теміржол қатынасы ресми түрде жанданды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Алғашқы рейспен шамамен 40 жолаушы сапарға аттанды. Rail-news.kz мәліметінше, жаңа бағыттағы пойыз құрамына биыл отандық «ЗИКСТО» АҚ зауытында шығарылған заманауи жолаушылар вагондары енгізілді. Купе және плацкарт вагондары жетілдірілген дыбыс оқшаулау жүйелерімен, заманауи желдеткіш және санитарлық тораптармен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы вагондар қарастырылған. Құрамда 36 орындық бір купе вагоны және 52 орындық бір плацкарт вагоны бар.

 

«Алматы – Мәскеу» бағытындағы вагондар Саратов станциясына дейін №7/8 «Алматы – Саратов» пойызының құрамында жүреді. Саратовта вагондар №85/86 «Дербент – Мәскеу» пойызына тіркеліп, Ресей астанасына дейін жетеді. Алматы-2 станциясынан жөнелту уақыты — 20:20. Мәскеуден кері бағыттағы алғашқы пойыз 30 қазанда жолға шығады.

 

Қозғалыс кестесіне сәйкес, 2025 жылғы 26–30 қазан аралығында пойыздар Алматы-2 станциясынан жұп күндері жөнелтіледі. 1 қарашадан 13 желтоқсанға дейін қозғалыс тақ күндері ұйымдастырылады.

 

Жолаушылар билеттерін ресми bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости