RSS лента

Полицейге жала жапқан азамат жауапқа тартылды

  • 21.10.2025, 15:05,
  • 40
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Астана қаласы полиция департаментінің ресми Instagram парақшасында беймәлім ер адам мемлекеттік қызметшіге қатысты әдепсіз пікірлер қалдырғаны анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы polisia.kz мәлімдеді. Шымкент тұрғыны өз жазбаларында полиция қызметкерінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан, сонымен қатар оған және оның отбасына қоқан-лоқы көрсеткен.


Тексеру барысында полицейлер оның жеке басын анықтап, 48 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты жала жабу бабы бойынша жауапқа тартылды. Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен аталған азамат 20 тәулікке қамауға алынды.


Полиция азаматтарға кез келген құқыққа қайшы әрекет жасаған адам заң аясында қатаң түрде жазаға тартылатынын ескертеді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости