RSS лента

Елорда маңында қылмыстық топ ұсталды (+видео)

  • 10.10.2025, 14:12,
  • 76
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Елорда маңында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Елорда полицейлері қала маңындағы саяжай алаптарының бірінде жасалған, мұқият жоспарланған мал ұрлығын әшкереледі. Polisia.kz мәліметінше, Ақмола облысының үш тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, қажетті құралдар мен көлікті дайындаған. Түн мезгілінде олар тұрғындардың ауласынан екі бие мен бір сиырды айдап әкетіп, жануарларды жақын маңдағы орманға жеткізген. Ізді жасыру үшін күдіктілер малды сол жерде сойып, етін көлікпен алып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жануарлардың терілерін және трассаға апаратын іздерді тапты.



Сонымен қатар бейнебақылау камералары күдіктілердің қозғалысын тіркеп, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік берді. Тінту кезінде қылмыс жасауға пайдаланылған арқан, жүген және шамдар тәркіленді. Ал делдалдардан бөлшектелген мал еті табылып, айғақ ретінде алынды. Ұрланған ет күдіктілер тарапынан сатылып үлгерген. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында олардың бұған дейін де ұқсас қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны анықталды. Елорда полициясы тұрғындарға малды қараусыз қалдырмауға, әсіресе түнгі уақытта сақтық шараларын күшейтуге және қора-қопсыларды нығайтуға кеңес береді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости