RSS лента

Қазақстанда жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізілді

  • 29.08.2024, 17:36,
  • 323
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Қазақстан түрмелерінде бейнекамераны бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, жаңа норма ҚР ҚК-нің 428-1-бабында “Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сол сияқты оның компоненттерін қасақана жою немесе бүлдіру” деп айқындалған. Бап осы жылдың шілде айында қолданысқа енгізілді және ҚАЖ мекемелерінде жаппай бейнебақылау жүйесінің сақталуына бағытталған. Бұл бапқа сәйкес сотталған адамның бейнекамераны сындырғаны немесе кабельді бүлдіргені үшін оған алты айдан жеті жылға дейінгі мерзім қосылуы мүмкін. Жаңа заң бойынша сотталғандар да, мекеме қызметкерлері де жауапқа тартылуы мүмкін. Сонымен қатар бүлінген техника үшін мемлекетке келтірілген залалды азаматтық тәртіпте өндіріледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости