RSS лента

Тоқаев баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады!

  • 02.02.2024, 11:33,
  • 318
  • 0
  • Автор:
Автор фото: tilalemi.kz

Мемлекет басшысы сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала беретінін еске салды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

"Сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті", - деп бастады құттықтауын Президент.


Сөз бостандығына адалдығынан айнымаған басылымдар әрдайым шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала беретінін, газет-журналдар замана тынысын дөп басып, мемлекет пен қоғамдағы қордаланған мәселелерді көтергенін, түрлі көзқарастағы ой-пікірлерді жарыққа шығарғанын атап өтті.


Баспасөз қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық шабыт тіледі. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц