RSS лента

325 босқын Қазақстаннан пана тапты

  • 24.11.2023, 11:59,
  • 280
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/steladi

Қазақстанда 5 елден келген 325 босқын тұрады, деп хабарлайды Turantimes.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрліктің хабарлауынша, республика аумағын паналаған барлық шетелдіктер Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген.


1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы «Босқындар мәртебесі туралы» конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алды. 


Қазіргі уақытта  республикада Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 босқын тұрады. Олар елден шығарылмау бойынша қорғалған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости