Олар:
1. Мұнай-газ саласында, өндірісте және мемлекеттік қызметте ұзақ жыл бойы табысты жұмыс істеген, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бақтықожа Ізмұхамбетов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды.
2. Ауыл шаруашылығында өнімді еңбек етіп жүрген, Сыр елінің азаматы Имамзада Шағыртаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды.
3. Семей қаласындағы №7 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Алма Шүкежанова «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды.
Төл әдебиетімізді дамытуға зор үлес қосқан бір топ көрнекті қаламгер бүгін «Қазақстанның Халық жазушысы» атанды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстанның Халық әртісі» атағы қайтарылды.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының ғалымдар ұжымына берілді.