«Еліміздің білім беру ұйымдары үшін Bookfund жүйесі құрылды. Бұл қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын цифрлық форматтағы кітаптардың арнайы тізімі. Қазір бекітілген көркем әдебиет тізімі бойынша интерактивті каталогтарды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін пайдаланушылар өз аккаунты бойынша жүйеге тіркеліп, толық каталогпен таныса алады», – деп атап өтті Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Әлия Сайдембаева.
Сондай-ақ оқу жылының басынан бастап білім басқармаларының қызметкерлері мен мектеп кітапханашыларына Қазақстанның кітапхана ісінің Bookfund автоматтандырылған жүйесінде тіркелу бойынша бірқатар вебинарлар өткізілді. Автоматтандырылған жүйе өңірлерде қандай кітаптар сұранысқа ие екенін білуге мүмкіндік береді.