RSS лента

Тоқаев шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады

  • 12.09.2023, 15:07,
  • 340
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын Польшада өткен командалық әлем чемпионатында күміс медаль ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Байрақты бәсекеде қыздарымыз асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетті. Сіздердің тамаша жетістіктеріңіз шахмат спортын жан-жақты дәріптеп, өскелең ұрпақтың оған деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық.


Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін! – деп жазды Президент өзінің Instagram парақшасында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости