RSS лента

Дінге де жаңару керек

  • 13.06.2023, 17:26,
  • 308
  • 0
  • Автор:

Қандай идеология болмасын, оның ішінде дін де мемлекет тарапынан қадағаланбаса, ол өз мақсатына жетпейтінін Қазақстандағы соңғы 30-40 жылда болған оқиғалар анық көрсетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Зейнеткер Ізғали Ғұмаров дін төңірегіндегі келеңсіз оқиғалар атан түйеге жүк болатындай берекетсіздік туғызғанын айтып қынжылады.

 

– Мұның бəрі айналып келгенде халқымызды ұлттық құндылықтардан айырып, надандық жолына түсірді, - дейді ол. – Қазір елдегі діни ахуал, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының жүргізіп отырған идеологиялық саясаты халқымызды тығырықтаналып шығады дегенге тіпті де сенгің келмейді. Бүгінгідей Қазақстан зайырлы демократиялық мемлекет деп жүре берсек, болашақта дəстүрлі Əбу Ханифа мəзһабынан айырылып қалуымыз мүмкін екенін жоғарыдағылардың да білгені жөн.

 

Мақалада көрсетілгендей, Қазақстанның діни болашағы тек қана Əбу Ханифа мəзһабы екенін теологтар қалың бұқараға жан-жақты түсіндіруі керек. Бұрындары біз естіген, біз білген дін теориялары ауызбірлікке, тəртіп пен үлкенді құрметтеуге бағытталушы еді. Күні бүгінгі қазалы болған отбасыларға жаназа шығаруға келген имам-молдалардан еститініміз – Мұхаммедпайғамбарды ұлығылау, пайғамбар-сахабалардың еңбектерін дəріптеуден, ақыретте сұралатын сұрақтар мен оған дайындалудан əрі аспайды.

 

Мақаланы автор Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Халқымыздың дүниетанымына дəстүрлі исламды дəріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту керек» деген сөзінен бастапты. Ал, ҚМДБ осы дүниетанымды қаншалықты насихаттап отыр?! Орта жастан асқан дін қызметкерлерінің жаттап алған аз ғана Құран сүрелері болмаса, терең діни сауаты жоқ. Жалпы өркениеттен бейхабар. Бұл молдалар жалпы бұқараға не ұсына алады?! Жас буын молдаларда өмірлік тəжірибе жоқ, саясат əлемінен хабарсыз, мəнерлеп құран оқумен жəне жаттаумен Діни басқарманың бағдарламасына сай уағыз айтудан басқа елге, халыққа айтары жоқ. Жалпы, ҚМДБ-ның өзінде халыққа айтылатын уағыздың нақты теориялық-практикалық жоспары бар ма? Мұны қай құзырлы орган қадағалайды? Жаппай білім алып, жұмыс жасауға тиісті жастардың, əсіресе мектеп оқушыларының дінге кіруі, ораза ұстауы дұрыс бола ма? Сауд Арабиясынан бастау алатын діни миссионерлердің айы оңынан туып тұрғаны ешкімге жасырын емес.

 

Бұрындары Мекке-Мединаға қажылық сапарына жылдап дайындалып, санаулы ғана тақуа жандар барса, қазір қаржысы бардың барлығы баратын күйге жеттік. Тіпті, «сəнге» айналды десек те болады. Соңғы жылдары «кіші қажылық – Умра» деп баратындар саны күрт артты. Ешкімнің діни наным-сеніміне шек қойылмайтыны белгілі, десек те осы дүрбелеңнен халыққа, елге келетін пайда жоқ екені анық. Тек мұның өзі белгілі мүдделі топтардың бизнес көзіне айналып бара жатқан жоқ па екен деген ой да туындайды.

 

Бір сөзбен айтқанда, бүгінде дін жүйелі маркетингке айналған миссионерлердің табыс көзіне айналғанын халыққа жеткізетін жол керек. Ол үшін елімізде діни реформа жүргізіліп, мақалада көрсетілгендей Орталықта, əрбір облыста идеологиялық басқарма құрылып, олар діни реформа негізінде, жергілікті Дін істері басқармаларының жұмысын жаңаша құруы қажет. Бұл халықтың да дінге деген пікір-ұстанымына əжептəуір əсер етер еді.

 

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости