Университет таралған кадрлардың оқу орнына қатысы жоқ деп мәлімдеді.
«Бұған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ №5 жатақханасында түсірілді делінген бейнежазба шындыққа жанаспайды. Университет қызметкерлері Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дың барлық студенттік үйлерін аралап шықты және бейнежазбадағы фактілер расталған жоқ. Сондай-ақ жалпы бейнежазбаның біздің жатақханаға мүлдем қатысы жоқ екенін мәлімдейміз. Өз кезегінде Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттер үйлерінде санитарлық-эпидемиологиялық режим қатаң бақылауға алынып, студенттердің жайлы тұруы үшін барлық жағдай жасалғанын айтқымыз келеді» деді Оңтүстік Қазақстан университетінің өкілдері.