Әлеуметтік желіде жоғарыда ұшып бара жатқан ұшақтың соңынан қалған күдікті көріністің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Маңғыстау облысының Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына сілтеме жасап.
– Видеода авиациялық қозғалтқыштан бөлінген конденсация ізі көрсетілген. Ұшақ орналасқан биіктікте ауа температурасы - 60 градус. Ондайда ыстық ауа салқын ауамен араласып, ұшақ ізі қатып қалады. Ал 4-5 минуттан кейін бәрі еріп, ауаға тарайды. Таңның атысы немесе күннің батуы ұшақ ізіне қызыл түс береді. Күндіз бәрі оны ақ, қараңғыда - көгілдір түсте көреді. Барлығы күннің қалай жарқырауына байланысты. Айта кету керек, күн сайын бұл аймақ үстінен әртүрлі бағытта оншақты ұшақ ұшады. Бұл құбылысты қазақтар "Құс жолы" деп атайды, - деп түсіндіреді Ақтау халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов.