RSS лента

COVID-19: «Рахат» фабрикасында 467 тасушы тіркелді

  • 17.06.2020, 08:59,
  • 935
  • 0
  • Автор:

Алматының бас мемлекеттік сандәрігері Жандарбек Бекшин ауру жұқтырған кондитерлік фабрика қызметкерлері туралы толық айтып берді, деп хабарлайды Тurantimes.kz.

«30 мамыр мен 4 маусым аралығында фабрикада 10 жағдай тіркелді. Алдымен бір қызметкер жоспарлы отаға түсіп, тексеріс барысында вирус анықталды. Одан әрі, зауыттың кіребрісінде стационарлық тепловизор бар. Сол арқылы жұмысқа дене қызуымен келген сегіз қызметкер тіркелді. Жедел жәрдем шақырылып, олар жұмысқа жіберілмеді. Зертханалық тексеруден соң олардан да вирус табылды», - деп нақтылады Бекшин.

Барлығы 1500 фабрика қызмектері тексерілді. Оларыдң 467-сі – симптомсыз вирус тасушы. Қазір олар үй карантиніне жіберіліп, емхана дәрігерлерінің бақылауына алынды.

Кәсіпорынның 1000 жұмысшысы – Алматы облысының маңындағы ауылдардан. Олар алғашқы медсанкөмек қызметкерлерінің бақылауына берілді. Қалғаны қалада тұрады. Сәйкесінше, олар қаланың АМСК қызметкерлерінің бақылауында. Ауру белгілері байқалған жағдайда олар инфекциялық стационарларға жатқызылады.

Сондай-ақ, алматылық бас сандәрігер фабриканың екі аптаға жабылатынын да қоса айтты.

«Кеше фабрика ашылуы тиіс болатын, бірақ, әкімшілік екі апталық инкубациялық кезеңге жабылуды ұйғарды», - деп тұжырымдады Бекшин.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости