«Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті. Қасымдағы кісіні таныстырмаса да болады. Атақты Марқұм Батырхан ағамыздың репертуарындағы «Отан ана», «Сағым дүние», «Қайран көңіл-ай» сынды талғамы биік көрерменнің жүрегін жаулаған әндердің авторы, нағыз қазақ композиторларының ұстазы - Қуат ағамызбен студияда жұмыс барысында.
Мен Бейжіңде жүргендіктен Қуат аға екеуміз 3 жыл бойы кездесе алмай енді ғана кездесудің сәті түсті. Осындай ұлы композитормен жұмыс жасаудың өзі үлкен бақыт қой», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.
Әншінің айтуынша, ол композитор Қуат Шілдебаевпен 3 жылдан бері кездесе алмай келген» деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.