RSS лента

16 маусымнан бастап ипотекамен үй берілмей ме?

  • 13.06.2025, 11:17,
  • 150
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Жыл басынан бері ипотекалық бағдарламалар бойынша 11 мыңнан астам несие берілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

16 маусымнан бастап тұрғын үйге несие берілмейтіні рас па? Ипотеканың шекті мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендейтіні туралы жаңалық шыққалы, тақырып төңірегінде түрлі қауесет тарады. Риэлторлар алдағы дүйсенбіге дейін несие рәсімдеп үлгеріңіз деп халықты ипотека алуға итермелеп жатыр. Баспана алуға қамданған тұрғындар банктер өтініш қабылдауды тоқтата ма деп алаңдаулы. Алайда, «Қазақстан» ұлттық арнасының мәліметінше, кәсіби сарапшылар даурығуға негіз жоқ дейді.

 

- Бұл спекуляциялар риэлтордың «қазір алып үлгеріп қалыңыздар,сосын банктер бермей қояды» деген сияқты айла-тәсілі болуы мүмкін. Ипотеканы тоқтату үшін арнайы бір ереже мен заң керек. Оны алдын-ала біліп, депутаттар, тағы да басқа белсенділер талқылап, шу болып жатар едік. Сондықтан ипотека бұл біздің банктік өнім, кредиттің негізгі түрі. Сондықтан оны ешкім тоқтатпайды ғой, - дейді экономист Айбар Олжай.

 

Бұл мәліметке қатысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк өкілдері пікір білдіруден бас тартты. Жаңа қаулының арқасында артық төлем қысқарады. Бұл бұрын алынған ипотекаға да қатысты. Егер қазіргі мөлшерлемеңіз 20%-дан жоғары болса, қайта қаржыландыруға өтініш беруге болады. Бірақ елдегі тұрғын үй несиелерінің басым көпішілігі бұл көрсеткіштен төмен. Сондықтан айтарлықтай өзгеріс жоқ, тек банктер несие беру шарттарын өзгертуі мүмкін.

 

- Өйткені мөлшерлеменің азаюы олардың кірістерін, табыстарын азайтады. Былай қарасаң олар басқа шаралар қолдануы мүмкін. Мысалы, бастапқы жарнаны көбейтуі мүмкін 20%, 40% деп көбейтуі мүмкін. Өздеріңіз көргендей олардың табыстарын азайтады, - дейді тұрғын үй нарығының сарапшысы Жеңіс Шәріпұлы.


Айта кетейік, жыл басынан бері ипотекалық бағдарламалар бойынша 11 мыңнан астам несие берілді. Қазақстанның құрылыс саласында ауқымды цифрлық трансформация іске қосылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің негізгі жобаларының бірі Бірыңғай цифрлық экожүйені - қолданыстағы ақпараттық жүйелерді алмастыратын «Тапсырыс берушінің бірыңғай терезесін» әзірлеу болды. Жаңа портал egov.kz платформасымен біріктіріледі және қала құрылысын жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі құрылысты сүйемелдеудің толық циклін қамтамасыз етеді. Бұл туралы UKIMET Telegram-каналы жазады. Тұрғын үй саласында әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 7% және қалған санаттар үшін 9% мөлшерлемелері бар «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. 2025 жылдың басынан бастап бағдарлама шеңберінде 202 млрд теңгеден астам сомаға 7 746 қарыз берілді.

 

Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру жалғасуда, ол бойынша 2019 жылдан 2024 жылға дейін 7 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, ал 2025 жылы тағы 1 мыңнан астам отбасын қамту жоспарлануда.

 

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы ТКШ-ны дамытудың жүйелі тәсілін қамтамасыз етеді: жұмыс басталғаннан бері 2 мыңнан астам көппәтерлі үй күрделі жөндеуден өтті, тек 2024 жылы – 233 нысан. 2025 жылға тағы 421 үйді жөндеу жоспарланған.

 

Моноқалалар мен ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. «Отау», «Асыл мекен» және «Наурыз» бағдарламалары жеңілдетілген тұрғын үйді, оның ішінде екінші нарықтыда қарастырады, бұл әсіресе халқы аз өңірлер үшін маңызды.

 

Сондай-ақ, жайлы және тұрақты тұрғын үй ортасын жобалаудың бірыңғай ережелерін белгілейтін жаңа «Қалаларды кешенді стандарттау» әзірленді.

 

Барлық шараларды кешенді жүзеге асыру тұрақты құрылыс экожүйесін қалыптастырады. Жұмыспен қамтудың өсуіне, қалалық ортаның сапасын жақсартуға және халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етеді.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости