Ол мұнайды терең өңдеу, кокс пен күкірт өндіру, жөндеу-механикалық цехы, шикізат паркі және т.б. өндірістерде болып, жұмысшылармен тілдесті. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі мәлім етті.
Кездесу барысында зауыттықтарды толғандыратын тақырыптар, соның ішінде олардың негізгі қызметі, еңбек жағдайларын жақсарту, әлеуметтік қолдау, қызметкерлерді аттестациялау, тасымалдау және өндіріске жаңа технологияларды енгізу мәселелері туралы сөз болды.
Бас директор жұмысшылар тарапынан туындаған сұрақтарға ашық әрі нақты жауап беріп, айтылған мәселелерді шешуге ат салысатынын жеткізді. Ғ.Жусанбаев өзі барған өндіріс орындарының асхана жұмыстарын да тексеріп, сол жерде жұмысшылармен бірге дәм татып, ас мәзірін түрлендіруді тапсырды. Жылы және ашық атмосферада өткен кездесу соңында зауыт басшысы әріптестеріне сәттілік тілеп, жемісті еңбек етуге шақырды.