Министрдің айтуынша, есептік кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9%-ды құрады. Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі көрсетті. Алдын ала қорытындылар бойынша 2023 жылы сыртқы сауда айналымы 3,2%-ға өсіп, $140 млрд-ты құрады. Экспорт шамамен $79 млрд жетті, өңделген тауарлар экспорты – $25 млрд-тан, импорт –$61 млрд-тан асты. Жалпы, оң сауда балансы шамамен $18 млрд.