RSS лента

Базалық мөлшерлеме 16 пайызға жетті

  • 14.11.2022, 01:56,
  • 487
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция деңгейі болжамнан айтарлықтай асып түскен, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ӨТКЕН АЙДЫҢ СОҢЫНДА ҰЛТТЫҚ БАНК БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕНІ 16 ПАЙЫЗҒА БІР-АҚ КӨТЕРДІ. САРАПШЫ МАМАНДАР ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ МҰНДАЙ ҚАДАМҒА ИНФЛЯЦИЯНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН БАРҒАНЫН АЙТАДЫ. ДЕСЕК ТЕ, БҰЛ ЖАҢАЛЫҚТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ ҚҰПТАЙ ҚОЙҒАН ЖОҚ. СЕБЕБІ, ҚЫМБАТШЫЛЫҚТАН КӨЗ АШПАҒАН ЖҰРТШЫЛЫҚ НЕСИЕ, БАНК ПАЙЫЗДАРЫНЫҢ ӨСКЕНІН ҚАЛАМАЙДЫ.


Мәселен, Ұлттық банкінің мәліметінше, қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция деңгейі болжамнан айтарлықтай асып түскен. Бұған Ресей рублінің бағамы күшеюінің де әсері бар. Ал, инфляция баға мен тұтынуға қысым жасайды.


«Базалық мөлшерлемені арттыру экономика субъектілерін жинақтауға ұдайы көңіл бөліп отыруды ұсынады» делінген баспасөз хабарламасында.


PhD докторы Лаура Иғалиеваның айтуынша, инфляцияның өсуі экономика үшін де, қарапайым халық үшін жақсы құбылыс емес. Бірақ, бұл бүкіл әлемде болып жатқан жағдай. Яғни, біздің қолымыздан келетіні – осыған қарамастан жұмыс істеп, табыс табу, сол арқылы экономиканың өсуіне үлес қосу.


«Базалық мөлшерлеме – ел экономикасы мен банк секторы үшін маңызды бағдар екені анық. Сондықтан оның өсуіне тікелей әсер ететін факторлар жоғары инфляциялық күтілімдер, сыртқы инфляцияның толассыз өзгерісі, өндіріс шығындарының өсуі болып табылады. Бірақ, қазір мұнай бағасы құбылмалы. Ол ұлттық валюта бағамына да әсер етеді. Мұнай бағасының әсерін және АҚШ долларының қымбаттауын ескере отырып, қазіргі жағдайда Қазақстанда базалық мөлшерлеменің өсуі теңгенің нығаюына әкелмеуі мүмкін. Дегенмен, кем дегенде ұлттық валютаның қымбаттаған долларға құнсыздану қарқынын тежейді. Оның нәтижесінде, базалық мөлшерлеменің артуы теңгелік активтердің тартымдылығының артуына және ұлттық валютаның нығаюына тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан, қазір Ұлттық банк проинфляциялық тәуекелдердің жай-күйіне сүйене отырып, елдегі қаржылық жағдайды тұрақтандыру үшін – базалық мөлшерлемені көтеру арқылы ақша-несие саясатын нығайтуға жұмыстанып отыр» дейді ол.


 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости