RSS лента

Шымкентте 25 млн теңгенің малын ұрлап кеткен (+видео)

  • 26.01.2026, 17:18,
  • 48
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ІІМ

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ұрланған ірі және ұсақ қара малды анықтап, заңды иесіне қайтарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Қылмысқа шаруашылықтың екі жұмысшысы қатысы бар екені белгілі болды. ІІМ мәлім еткендей, полицияға жергілікті тұрғын шаруашылық нысанынан малдың жоғалғаны жөнінде арызбен жүгінген. Келтірілген материалдық шығын көлемі 25 миллион теңгені құрады.


Тергеу барысында күдіктілердің малды кедергісіз тасымалдау үшін бірнеше рет электр қуатын және бейнебақылау камераларын әдейі өшіріп отырғаны анықталды.

 

Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц