RSS лента

Шымкентте заңсыз онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды

  • 22.12.2025, 14:34,
  • 63
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Күдіктілер екі жыл бойы «TauBrat» парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде «Тринька» атты заңсыз құмар ойын өткізген. Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген «дроптарды» пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған. Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйң бар жер телімін сатып алған.


Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц