2024 жылмен салыстырғанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан жасалатын трансплантаттаулардың саны екі есеге көбейді, тірі донорлардан жасалатын операциялардың саны 2,5%-ге артты.
Операциялық белсенділіктің өсіміне инфрақұрылымның кеңеюі ықпал етуде: елде былтырғы 7 орталықтың орнына бүгінде 11 трансплантаттау орталығы жұмыс істейді.
Бүгінде 4521 қазақстандық ағза ауыстыруды күтуде, күту парағындағы пациенттердің арасындағы өлім 4,6%-ға төмендеді.
Сондай-ақ донорлық белсенділік ең жоғары Алматы мен Астана қалаларында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.
Жүйе одан әрі дамуға дайындалуда: бірқатар салалық бұйрықтарға өзгерістер енгізілді, дәрігерлерді Қазақстанда және шетелде оқыту жалғасуда, Испания, Түркия және Беларусьпен халықаралық әріптестік кеңеюде.
Кеңес қорытындысы бойынша А. Әлназарова трансплантаттауды дамыту мәселесін бірнеше өңірде жүйелі мониторингке алуды, шұғыл тасымалдауды қамтамасыз етуді, цифрлық шешімдерді енгізуді, сондай-ақ қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

