Дәстүр бойынша Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Оқу орнының жеке құрамы, әкімдік, қоғам өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері мен "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері аты аңызға айналған әскери қолбасшыны бір минут үнсіздікпен еске алды.
Министр оқытушылар мен командирлерге тәрбиеленушілерге кәсіби дағдыларды ғана емес, рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық рух пен патриотизмді бойына дарытуды тіледі. Ал болашақ сержанттарға мықты денсаулық, оқуда жақсы нәтижелер, тәуелсіз мемлекеттің өркендеуі жолындағы толағай табыстар мен жетістіктер тіледі.
Әскери колледж ұланы Сабыр Қошқарбай сөз сөйлеп, оқуға жасалған жағдайлар үшін алғысын білдіріп, әскери мамандықты игеруге бел буған курстастарының жақсы көзқарастарын білдірді.
Ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі колледж жеке құрамының салтанатты маршымен және әскери техниканың үлгілері қойылған алаңда қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетумен аяқталды. Ұландардың көрсетілімінен кейін қонақтар оқу корпусын, казарманы, кітапхананы, мұражайды, асхананы, спорт залы мен стадионды аралады.