RSS лента

Теміртауда мектеп стоматологиялық кабинеті пайда болды

  • 08.07.2025, 17:10,
  • 52
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен жарақталған стоматологиялық кабинет ашылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл білім беру ортасында стоматологиялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасын іске асырудың арқасында мүмкін болды. Жаңа кабинет мектеп қабырғасында ауыз қуысын күту бойынша тұрақты қарап-тексерулер, профилактикалық іс-шаралар мен оқыту сабақтарын өткізуге мүмкіндік береді.

 

Республика мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашу ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес іске асырылады.

 

Бұл бастама стоматологиялық аурулардың өсуіне байланысты балалардың арасында пррфилактикалық шараларды қабылдау қажеттілігінен туындады. Осылайша, 6 жасар балаларда тісжегі деңгейі 2016 жылы 74,2%-дан 2024 жылы 86%-ға дейін өсті, 15 жастағы жасөспірімдердің арасында өсу 75%-дан 87%- ға дейін құрады.

 

«Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттер мен профилактика кабинеттерін ашу көзделген. Мұнда балалар мен ата-аналарды гигиена дағдыларына үйрететін, профилактикалық емшаралар жүргізетін және аурулардың ерте диагностикасын қамтамасыз ететін стоматологтар мен стоматологиялық гигиенистер жұмыс істейді.

 

Бағдарлама оқушылардың кемінде 90%-ын жыл сайынғы профилактикалық тексерулермен қамтуды, тісжегі көрсеткіштерін төмендетуді, санитариялық сауаттылықты арттыруды және гигиенаның тұрақты дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости