RSS лента

Әр өңірде бас балалар гинекологы тағайындалды

  • 19.06.2025, 14:04,
  • 20
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі

Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында бірқатар іс-шара іске асырып отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда жыныстық жолдар патологиясын дер кезінде анықтап, емдеу шараларын жүзеге асыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленді. Құжатта бекітілген шаралар кешенінде еліміздің барлық 20 өңірінде бас балалар гинекологы тағайындалды. Аймақтық емханалар деңгейінде гинекологиялық патологиясы бар қыз балаларды қабылдайтын бөлмелер ашылды. Стационарларда науқастарды жатқызатын төсек-орындар жасақталды. ҚР ДСМ Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шакизат Халықова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, ауылдық жерлерде қыз балаларда қандай да бір гинекологиялық аурулар анықталған жағдайда, оларды облыс орталығына жеткізу маршруттары бекітілді. 

 

«Жасөспірімдер мен жастар арасында отбасының маңыздылығы мен репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру мақсатында елімізде 103 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Мұнда 10-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға және 18-29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдеу-профилактикалық, психо-әлеуметтік, заңгерлік көмек көрсетіледі», – деді спикер.

 

2024 жылдың есебі бойынша ЖДО-на 780 мыңнан астам жастар көмекке жүгінген. Олардың 84%-ы – қала жастары болса, 16%-ы-ауыл тұрғындары. Бұл орталықтарда психолог және гинеколог мамандарға деген сұраныс жоғары. Былтыр жергілікті мамандар 156 мыңнан астам ақпараттық-насихаттау шарасын жүргізді.

 

Айта кетерлігі, кешенді шаралар нәтижесінде соңғы 5 жылда 15-18 жас аралығындағы қыз балалар арасындағы жүктілік коэффиценті 43%-ға азайып, 1000 жасөспірім қызға шаққандағы көрсеткіш 4,25-ке төмендеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости