Қазақстанға бұрын болмаған ыстық келе жатыр ма?
- 15.05.2025, 14:07,
- 36
- 0
- Автор:
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
WhatsApp-та тараған видеода биыл Қазақстанда аптап ыстық болады делінген. Мұндай құбылыс 60 жылда бір рет қайталанады екен. Ғалымдар Еуропа тұрғындарын ауа температурасы 40-50 градусқа дейін көтеріледі деп ескертті. Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь елдерінде де осындай жағдай орын алады. Бұл - ескі фейк, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Қазақстанды аптап ыстық болатыны туралы хабарлама жыл сайын таралады. Ресми stopfake.kz бұл туралы ақпаратты 2023 және 2024 жылдары жоққа шығарды.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі биыл тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Қазақстанда аномальды ыстық болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Интернеттегі күмәнді дереккөздерге емес, тек ресми ақпаратқа сенуді ғана сұраймыз», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.