Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен білгеніміздей, сотталушы облыстық мәслихат депутатымен кездесуде оның кабинеттен шығуына кедергі келтірген, ғимараттың дәлізінде оны қолымен итеріп, бірнеше рет соққы берген.
Прокурор 200 АЕК айыппұл көлемінде әкімшілік жаза тағайындауды сұрады.
Айыпталушы айыпты мойындамады және қорғаушымен ақтауды сұрады.
Санкция бойынша ҚК-нің 109-1-бабы 2-бөлігі 5-тармақшасымен: 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 100-ден 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30-дан 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, биылдан бастап 1 АЕК – 3932 теңгеге тең.